Атырау, 25 сәуір 04:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

Қызылорда облысында майор әйелдің қылмысы видеоға түсіп қалды

Бейнежазба
4 974 рет қаралды


Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің басшысы, полиция майорының пара алған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады" деген күдікпен майор әйелдің заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.


"Ол Өзбекстан Республикасының он бес азаматына көші-қон картасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты шешімді алдағы уақытта сот шығарады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 қараша 2019, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.