Атырау, 29 наурыз 19:54
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің Мәнізоровқа қатысты өтінішін қанағаттандырмады

2 484 просмотра


Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімнің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық тергеуді тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шешімге шағым түсіргенін айтқан болатын. "Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуді тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады", - деді  Марат Ахметжанов. "Процедура жүріп жатыр, ешкімнің позициясы ешкімді қызықтырмайды. Заң бар. Қылмыс құрамы болса, осындай шешім қабылданады. Бірақ бүгінде тергеу процесіне ешкім әсер ете алмайды. Қылмыс құрамыс болса, іске нүкте қойылады. Мен істің нақты мән-жайын білмеймін, тек факт бойынша айтып отырмын. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы өтініш білдірді, бірақ ол өтініш қанағаттандырылмады", - деді прокурордың орынбасары. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Ал 30 қазанда әкім орынбасарының жұмысқа шыққаны айтылды. Кейінірек Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Ол бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтқан болатын. Ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын деген еді әкімнің орынбасары.
 

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қараша 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.