Атырау, 29 наурыз 11:21
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тараздағы сұмдық: шенеуніктер жұмыстан қуылып жатыр

2 893 просмотра


Таразда мектепте болған зорлау оқиғасынан кейін облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова өз еркімен жұмыстан босатылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқушы қыздың зорлануынан кейін бас-аяғы 11 адам жауапқа тартылған.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Мамытбековке, Тараз қаласы полиция басқармасы екінші полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұсаевқа, екінші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы, полиция подполковнигі Төлеуішовке, Тараз қаласы полиция басқармасы екінші полиция бөлімі ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Юринға  қатаң сөгіс жарияланды.

Жалпы білім беретін мекемелерге бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Рысбаев ішкі істер органдарынан шығарылды. Мектеп директоры Сманова өз еркімен жұмыстан кетті.

Сонымен қатар, мектеп вахтері Нұршабаева, директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Өзбекова, дәретханаға сұранған оқушыны жіберіп, сабақ біткенше іздемеген физика-математика пәнінің мұғалімі Ким, мектеп ішіндегі кезекшілікке жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байқұлова өз өтініштері негізінде қызметінен босатылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 қараша 2019, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.