Атырау, 29 наурыз 18:43
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"10 жылға қамалады": Қазақстанда жүргізушілердің жазасы күшейтіледі

3 020 просмотра


Бас прокуратура көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жазаның қалай күшейтілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде көлік жүргізушісі мас болсын, сау болсын, адамды қағып өлтіргені үшін жаза бірдей, ары кетсе, бес-ақ жыл.

"Енді, мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ", - деді Ахметжанов мәжілістің пленарлы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптардың қайта татуласуына тыйым салынады.

Айта кетейік, өзгерістердің бәрі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген.

Бүгін мәжіліс депутаттары осы құжатты бірінші оқылымда қарады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 қараша 2019, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.