Атырау, 24 желтоқсан 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мәскеуде қазақ киносының апталығы басталды

2 416 рет қаралды


Мәскеуде қазақс киносының апталығы "Шыңырау" фильмімен ашылды. Туынды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев романының желісі бойынша түсірілген. Кино апталығы жазушының 80 жылдық мерейтойына арналады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

"Ол кісі еліміздің әдеби мұрасына ғана үлес қосып қойған жоқ. Рухани дамудың бағыт-бағдарын көрсеткен ойшыл", - деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов.

Қарашаның 18-і мен 23-і аралығында Мәскеуде өтетін Қазақстан киносы күндері шеңберінде "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Шыңырау", "Томирис", "Анаға апарар жол" және "Әміре" фильмдері көрсетіледі. Ал Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі осы мерекенің жабылуында көрермен назарына ұсынылады.

Қазақстан киносы күндерін РФ мәдениет министрлігі, "Кино планетасы" компаниясы, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі және "Қазақфильм" АҚ ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: Sputniknews.kz

19 қараша 2019, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.