Атырау, 15 желтоқсан 04:56
Таңертең ашық-1, күндіз 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.63  € 427.98  P 6.08

Алматы облысының әкімі Мәнізоров туралы: Мұндай жағдай әркімнің басында болуы мүмкін

19 қараша 14:55


"Мұндай жағдай әркімнің басында болуы мүмкін, бірақ мен "жұмыстан шық" демедім, сондықтан оған ақысыз демалыс бердім", - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Енді оған: "Жұмыстан кету туралы арызыңды, жаз, бар да өз мәселеңмен өзің айналыс" деп айта алмаймын ғой. Адамгершілік деген де болуы керек. Кез келген адамның басында мұндай жағдай болуы мүмкін. Тергеу органы мәселенің ақ-қарасын анықтайды. Егер ол кінәлі болса, онда заң алдында жауап береді. Егер ол кінәлі болмаса, онда жұмысын жалғастыра береді, - деді Баталов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол, егер өз орынбасарының кінәсі дәлелденіп жатса, өзінің қызметтен кету-кетпеу мәселесін Үкімет басшысы шешетінін де айтты.

- Жұмыстан кетем бе, кетпеймін бе, оны Үкімет басшысы шешеді. Мен ұзақ жылдар жұмыс істедім, адал жұмыс атқардым. Егер қажет болса, кез-келген уақытта немерелерімнің жанына барып, солармен бірге боламын. Ондайдан ешқашан қорыққан емеспін. Бірақ бір күн болсын, мен адал жұмыс істеуге тырысамын, - деді әкім.

Ол бүгіндері Бағдат Мәнізоровтың жұмыста жүргенін, осы уақыт ішінде ол өз жұмысын өте жақсы атқарып келгенін баса атап өтті.

- Сол жағдай орын алғанда, иә, ол маған келіп, Алматыдағы өзінің бұрынғы жұмысынан проблема шыққанын айтты. Мен "барып, мәселе басын ашып ал" деп айттым. Сол себепті ол менен ақысыз демалыс сұрады. Мен оны жібердім. Ол нәрсе болды ма, жоқ па, оны тергеу органдары анықтайды. Бірақ өзім оны көптен танимын. Көксу ауданының әкімі болған. Содан кейін ол маған жұмысқа келді. Ол тек екі айдай ғана жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында оған бірқатар тапсырмалар бердім. Өте жақсы орындады, әсіресе Арыс бойынша маған көп көмектесті, - деп түсіндіреді бұл жайтты Баталов.

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысы әкімінің орынбасары Мәнізоровқа қатысты істі тоқтатқандығы туралы хабарланған болатын.

Бағдат Мәнізоров қыркүйек айының соңында ұсталды. Ол қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ұсталғаннан кейін әкім орынбасары тергеу изоляторына қамалды. Кейін бұлтартпау шарасы үй қамаққа ауыстырылды. 18 қазанда Бағдат Мәнізоровтың қамауда еместігі, оның демалыста екендігі белгілі болды.

Дереккөз: Zakon.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

536 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4