Атырау, 17 маусым 12:49
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Жезқазғанда мектеп өртеніп, 640 адам эвакуацияланды

2 469 рет қаралды


Жезқазғанда мектептің электр сымынан от шығып, ғимараттан 640 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

- 19 қарашада сағат 11: 39 шамасында өртке қарсы қызмет бөліміне Жезқазған қаласының №3 орта мектебінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде еңбек кабинеті отқа оранған: жонғыш станоктар, жиһаздар, ағаш еден мен терезе жақтауларын от шалған. Өрт 12: 03 уақытында ауыздықталып, ол 12: 10-да толықтай сөндірілді. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 640 адам эвакуацияланды, оның 540-ы оқушылар, - делінген хабарламада.

Құрбан болған және зардап шеккен адамдар жоқ.

- Алдын-ала болжам бойынша, от электр сымның тұйықталуынан шыққан. Өрт сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-ның 4 өрт сөндіру техникасы және 15 адамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алды, - деп хабарлады комитеттегілер.

Дереккөз: Zakon.kz

19 қараша 2019, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.