Атырау, 29 наурыз 10:56
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Ауруханадан бір-ақ шықты». Кашпировский Оралға келіп, елді шулатты

4 160 просмотра


Оралда ресейлік экстрасенс Анатолий Кашпировский тегін сеанс жүргізіп, есікке лап қойған қарақұрым халық ішінде екі адам зардап шекті. Бұл туралы аймақтық "Надежда" басылымы жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 жастағы ер адам "Зенит" Мәдениет үйінде өткен Кашпировскийдің тегін сеансы алдында жарақат алды. Көп адам есікке лап қойған кезде қарт ер адам жығылып, есінен танып қалған. Оны сол арадағы адамдар мәдениет үйінің алдындағы орындыққа отырғызып, есін жидырған.

- Жедел жәрдем станциясына 14 қарашада сағат 13.57 шамасында қоңырау келіп түсті. Зардап шегуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Ол сеанс кезегінде құлап, адамдар оны таптап кеткен. Кеуде қуысының, бастың жұмсақ тіндеріне жарақат келіп, көгеріп қалған. Дәрігер ол кісіні тексеріп, қараған соң амбулаториялық ем алу үшін үйіне босатты, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осыдан бір күн бұрын Орал қаласының тағы бір тұрғыны осындай жағдайға тап болған. Бірақ қарт әйел жедел жәрдем көлігін шақыртудан бас тартты.

Дереккөз: Zakon.kz

19 қараша 2019, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.