Атырау, 26 сәуір 14:11
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

21-22 қарашада Қазақстанға Швейцария Президенті келеді

2 025 просмотра


Швейцария Президенті Ули Маурердің Қазақстанға жоспарланған ресми сапары туралы facebook-те Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының Президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.

22 қарашада мемлекеттер басшылары "Ақорда" резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін "дөңгелек үстелде" сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Дереккөз: Zakon.kz

19 қараша 2019, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.