Атырау, 20 сәуір 16:25
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Тараздағы сұмдық жағдай: директор, орынбасары, мұғалім және вахтер жұмысынан босатылды

2 281 просмотра


Таразда мектепте болған сұмдық жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеуіне алаңдаушылық білдіреді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының өкілдері тергеу шараларын жүргізіп жатыр. "Осыған байланысты білім беру саласының жергілікті уәкілетті органдарының шешімімен мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі және вахтер қызметтерінен босатылды. 

Министр Жамбыл облысының білім беру басқармасындағыларға жәбір көрген мектеп оқушысына жедел түрде  психологиялық көмек көрсетуді және үй жағдайында оқытуды тапсырды", - деді білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан. 

Сондай-ақ, министрлік өкілі осы мектептегі барлық ата-ананың пікірі ескерілетінін айтып өтті. Еске салайық, мұның алдында Таразда азғынның 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 қараша 2019, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.