Атырау, 18 сәуір 07:46
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертілмек

2 095 просмотра


Салық заңдарына енгізілуі мүмкін өзгерістер туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық әдістеме департаменті директорының м.а. Дәулет Жарылғасынов баспасөз жиынында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде жеке тұлғалар үшін көлік құралдарының салығын төлейтін салық кезеңін 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстыру ұсынылған екен.

- Төртінші деңгейлі бюджеттің уақытылы түсуін қамтамасыз ету үшін "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімін салық кезеңінің 31 желтоқсанынан жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылған, - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мүлік салығы мен жер салығын біріктіру жоспарланған.

- Заң жобасы жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдету мақсатында салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды біріктіруді (оңтайландыруды) ұсынады (салық салу нысаны, салық базасы, ставкалар, есептеу және төлеу тәртібі). Бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке қарастырылғанымен, салық төлеушіге бір сома (бюджеттік жіктеудің бірыңғай коды) ұсынылады, - деп түсіндірді Дәулет Жарылғасынов.

Сонымен бірге пәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы жойылады. Бұған себеп - салық сомасының тым елеусіз болуы және нысандардың көптігі мен есептеудің күрделілігіне байланысты әкімшілік шығындардың туындауы.

Дереккөз: Zakon.kz

19 қараша 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.