Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қарағанды облысындағы шахтада жұмысшы мерт болды

2 259 рет қаралды


Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасында жұмысшы мерт болды деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Хабарламада қазандыққа қызмет көрсету жөніндегі шебер болып істеген ол адам 16 қарашада жұмыс орнында қаза болғаны ғана айтылған. Төтенше оқиғаның жай-жапсары туралы өзге ақпарат жоқ. Компания адам қазасына апарып соққан оқиғаны тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, марқұмның денесі көмір салатын бункерден табылған.

6 қарашада АМТ компаниясының Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында бір шахтер жұмыс орнында қазаға ұшыраған болатын. Компания оны "жазатайым оқиға" деп атаған. Сол кезде де төтенше оқиғаны тексеретін комиссия құрылғаны жайлы хабарланған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

18 қараша 2019, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.