Атырау, 24 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Азамат Мұсағалиев қазақша ән айтып, желі қолданушыларын таңғалдырды

Бейнежазба
2 629 рет қаралды


Танымал әзілкеш, шоумен Азамат Мұсағалиев қазақша ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Оның қазақша ән айтқан сәтін әріптесі, қазақстандық КВН-ші Данияр Жұмаділов Instagram-парақшасына жүктеді.


"Бауырым, өз ана тіліңде ән айтқаның сүйсіндіреді. Махаббат туралы ән. Жақында", - деп жазды ол. Желі қолданушылары видеоның астына пікір жазып, таңданысын жасырмады. "Қандай керемет! Ол қазақша ән айта алады", - деп жазды олардың бірі. Ал тағы бірі танымал әзілкешті қазақша білмейді деп ойлағанын айтқан.

"Ол қазақша акцентсіз айтып тұр ма? Мен оны мүлдем қазақ тілін білмейді деп ойладым. Жарайсың!", - деді ол.

Енді бірі оған қазақша өнер көрсетуге кеңес берген.

"Ақыры қазақша ән айтып жатыр екен, қазақша КВН ойнағанын күтеміз", - деп жазды желі қолданушысы.

"Азамат бауырым, Қазақстан халқы атынан қазақша көбірек ән айтуыңды өтінемін. Жанымды жадыратып жібердің. Бұл өмірде барыңа рақмет", - депті тағы біреуі. 

Айта кетейік, Азамат Мұсағалиев – этникалық қазақ, әртіс, әзілкеш және тележүргізуші. Ол – "Сборная Камызякского края" КВН құрамасының капитаны, "Где логика?" шоуының жүргізушісі, "Однажды в России" шоуының қатысушысы, әрі ресейлік "Интерны" сериалына түскен.

Дереккөз: Sputniknews.kz

18 қараша 2019, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.