Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​ Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

2 740 рет қаралды


Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр. Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды.

Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз:Sputniknews.kz

17 қараша 2019, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.