Атырау, 24 желтоқсан 20:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Токиодан Димашты жапон жанкүйерлері Қазақстанның туын ұстап, қазақша ән шырқап күтіп алды

Бейнежазба
4 011 рет қаралды


Әнші Димаш Құдайбергенді жапониялық жанкүйерлері әуежайдан Қазақстанның туын ұстап ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Әншінің өзі Іnstagram парақшасында күншығыс еліне келген сәтінің видеосын жариялады. Шағын үзіндіден Димаштың жапониялық жанкүйерлері қаншалықты көп екенін аңғаруға болады. «Жапонияға аман- есен келдік. Концертте көріскенше...», - деп жазды әнші. 

Осыдан кейін youtube арналардың бірінде Димаштың жапондық dears-тарының қалай күтіп алғаны туралы толыққанды видео жарияланды. Әншінің фанаттары әуежайда Димаштың қазақ тіліндегі әнін шырқап, әншінің «Арманым – қазақ тілін әлемге таныту» деген арманын орындап бергендей болды. Димаш осыдан бірнеше сағат бұрын Токиодан өзі түсірген видеоны парақшасында жариялады. 


Дерккөз: Inform.kz

17 қараша 2019, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.