Атырау, 24 желтоқсан 20:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды

3 419 рет қаралды


Меркі ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Меркі ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

"Ол ЖШС өкілінен 2 миллион 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

12 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен дәрігер пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды. Сондай- ақ мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

17 қараша 2019, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.