
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик ШПЕКБАЕВ Бағдат МӘНІЗОРОВҚА қатысты мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде BaigeNews.kz. басылымы хабарлады.
Алик Шпекбаевтың сөзінше, Бағдат Мәнізоровтың босатылуына байланысты Бас прокуратура жауап беруі тиіс. Сол себепті ол әзірге аталмыш іске қатысты нақты пікір білдіре алмайды.
«Біз өз көзқарасымызды білдірдік, мен қазір ештеңе деп айта алмаймын. Бас прокуратураның жауабын алуымыз керек. Оның өзіндік уақыты мен процедуралары бар. Ол жерде белгілі сатылардан өту қажет. Біз өз позициямызды білдірдік. Сол позицияда қаламыз», - деді Шпекбаев.
Бұған дейін жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровты «аса ірі көлемде қаржы жымқырып, алаяқтықпен айналысты» деп айыптаған. Бірақ кейіннен Бас прокуратура Мәнізоровты кінәсіз деп, босатқан. Мәнізоровтың өзі бұны «тапсырыспен жасалған іс» деп есептейді.
Дереккөз: Zhasalash.kz
В Атырау -11