Атырау, 22 желтоқсан 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтөбедегі төбелес: 15 жастағы оқушы көз жұмды

3 218 рет қаралды


Ақтөбеде жасөспірімдер арасында төбелес шығып, 15 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Төбелес кәмелетке толмаған балалар арасында 10 қарашада Заречный-3 ауылындағы дүкен маңында болған.

Полицияның мәліметінше, төбелестен кейін бір оқушы көз жұмды, тағы екеуі пышақ жарақатын алды. Адам өлтірді деп айыпталған 17 жастағы күдікті ұсталды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) 2-тармағы 1,7,9,14 тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүріп жатыр. Бапқа сәйкес, күдікті мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кодекстің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толғандар адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), терроризм актiсi туралы жалған ақпарат бергені (273-бап) және тағы басқа ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

12 қараша 2019, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.