Атырау, 24 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ҚР СІМ баласын шетелге жіберетін ата-аналарға ескерту жасады

2 427 рет қаралды


Баласын шетелге оқуға жіберетін ата-аналар келісімшартты тыңғылықты тексерулері қажет. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Балаларын шетелдің жоғары оқу орындарына немесе қысқа мерзімді курстарға оқуға жіберетін ата-аналарға компаниялар ұсынатын келісімшарттарды тыңғылықты тексеріп, мұқият оқу қажеттігін ескертеміз. Кейбір компаниялар өздерінің шарттарын орындамай жатады. Не болмаса бала шетелге келгеннен кейін олар сол шарттарды өзгертіп жібереді. Балаларыңызды жіберіп жатқаннан кейін барынша мұқият болыңыздар», - деді Айбек Смадияров.

Дереккөз: Inform.kz

11 қараша 2019, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.