Атырау, 25 желтоқсан 03:08
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Елорда тұрғындары осымен екінші күн жарықсыз отыр

2 199 рет қаралды


"Нұрсая-2" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көпқабатты үйге жарық қосылмағанын мәлімдеді. "Аулада генератор жұмыс істеп тұр, бірақ пәтерде жарық жоқ. Жылу мен су ғана қосылды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне тұрғындардың бірі.

Айта кетсек, елорданың сол жағалауындағы пәтерлерде газ емес, электр плиталары орнатылған. Сол себепті астаналықтар жарық болмаса, тамақ та пісіре алмайды.

Бұған дейін елорда әкімдігі жарықсыз қалған барлық тоғыз тұрғын үй кешені электр энергиясымен қамту желісіне қосылғанын хабарлаған еді.

"Уют", "Краун Плаза", "Тұмар" (екі үй), "Арт Хаус", "Вива плаза" ,"Алатау", "Сулы-жасыл желек бульвары" жарыққа қосылды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 10 қараша күні түнгі сағат екіде "Левобережная" қосалқы станциясында авария болды. Кабель каналы өртеніп кеткен.

Салдарынан жеті тұрғын үй кешені мен 25 әкімшілік ғимарат, соның ішінде Ақорда, үкімет, Жоғарғы сот, сенат пен мәжіліс, министрліктер үйі жарықсыз қалды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

11 қараша 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.