Атырау, 24 желтоқсан 21:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберді

Бейнежазба
2 581 рет қаралды


Қазаақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) АҚШ-та өткен жекпе-жекте канадалық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыз АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласында өткен бокс кеші аясында сынға түсті.

Он раундтық жекпе-жекте Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Кездесуде Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алтыншы раундта техникалық нокаут болса, оның алдында нокдаунға жіберген еді.


Осылайша, Жәнібек кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақтағы WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Ал Онолуносе кәсіби мансабында үшінші жеңілістің дәмін татты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

10 қараша 2019, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.