Атырау, 13 қаңтар 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб өртенді

1 995 рет қаралды


10 қарашаға қараған түні елордада Майлин көшесіндегі түнгі клубтан өрт шықты, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Тілсіз жау туралы ақпар 101 пультіне сағат 00:20-да түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына алты минутта жетті. Мекеменің екінші қабатында электр сымдары жанып жатқан.

"Құтқарушылар тез арада түнгі клубтағы адамдарды эвакуациялауға кірісті. Өрт 00:34-те сөндірілді. Жалын 0,5 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді комитеттен.

Түнгі сауық мекемесінен 8 адам құтқарылды. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ. Полицейлер клуб аумағын қоршауға алды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

10 қараша 2019, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.