Атырау, 18 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Санэпидемиологтар: Шымкенттік отбасы астан уланбаған

1 633 просмотра


Ажал астан емес! Шымкентте уланған отбасы тұтынған тағамдарды тексерген санэпидемиологтар осындай тұжырымға келіп отыр. Үйдегі азық-түлік, тоңазытқыштағы тағамдар мен тіпті дүкендегі тұшпарасы бар, жалпы 30 түрлі затты зерттеген мамандар бірде-бір зиянды зат анықтай алмады.

Алмат Қосалиев, Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары: 

- Тұшпарадан бір зиянды нормаға келмейтін гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ. Көміртек оксидтерінің уытты әсерлері деген ол, жаңағыдай, газдың әсерінен болған улану деген сөз. Және де бізде сотмедициналық сараптаманың қортындысын алдық. Ол жерде де «белгісіз затпен жедел улану» дейді. 

Тұтас отбасының улануына қатысты нақты қортынды шықпаса да, мамандар бұған газ себепкер екеніне сенімді. Десе де, пәтер ішіндегі ауадан «зиянды металл анықталған жоқ» дейді. 

Ал уланған отбасына сапалы әрі дер кезінде көмек көрсетпеді деген арызбен бойынша Шымкенттің төрт медицина ұйымы тексеріліп жатыр. Орынбаев клиникасының жекеменшік жедел жәрдемі мен токсикология бөлімі, жұқпалы аурулар ауруханасы мен 8-ші емханаға қатысты нақты қортынды екі аптадан соң айтылмақ. 

Қарашаның 3-інде белгісіз заттан уланған отбасының 3 жасар және 10 айлық сәбидері шетінеген болатын. Өздері аман қалған ата-анасы дәрігерлерді дер кезінде көмектеспеді деп айыптаған-ды.  

Дереккөз: ktk.kz

9 қараша 2019, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.