Атырау, 28 наурыз 19:37
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараны бекітті

5 702 просмотра


7 қарашада Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараны бекітті деп хабарлады РИА Новости агенттігі. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы - 7,5 шақырым. Оны демаркациялау бойынша жұмыстың 86 пайыздан астамы аяқталған.

Екі көрші мемлекеттің шекараны бекіткені туралы ақпарат таратқан "Дождь" телеарнасы "екі жақ Имашев газ-конденсат кенішін тепе-тең бөлісті" деп жазды.

Мәскеу мен Астана 2005 жылы мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойған. Сол уақыттан бері оны дилимитациялау және демаркациялау жұмысы басталған.

Бұл ақпарат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыдағы 16-өңіраралық әріптестік форумына қатысып жатқан кезде пайда болды. Форум аясында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі басшы сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелерін талқылаған. Ақорданың жазуынша, 2003-2018 жылдар аралығында екі мемлекет арасында сауда көлемі 3,5 есе ұлғайған. 2018 жылы тауар айналымы 6,5 триллион теңгеге (19 миллиард доллар) жеткен. Кездесу соңында Тоқаев пен Путин шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысы және өзге салаларға қатысты бірнеше құжатқа қол қойған.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде Ресейге осымен үшінші рет барып отыр. Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған 79 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында президенттіктен кеткеннен кейін президент болған Тоқаев бұдан бұрын Назарбаев белгілеген бағыт-бағдарды жалғастыратынын бірнеше рет қайталаған. Көрші Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатқан Қазақстан - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Ресей постсоветтік кеңістікте Мәскеу ықпалын күшейту үшін ЕАЭО-ны құрал ретінде қолданады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 қараша 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.