Атырау, 24 желтоқсан 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ҚР СІМ «Рияд келісіміне» қатысты мәлімдеме жасады

2 153 рет қаралды


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Рияд келісіміне қол қойылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңестің арасындағы «Рияд келісіміне» қол қойылуын құптайды және бұл уағдаластықтарға қол жеткізудегі Сауд Арабиясы Корольдігінің маңызды рөлін жоғары бағалайды. Қазақстан бұл құжат өңірдегі ахуалды тұрақтандыруда және Йемендегі дағдарысты бейбіт саяси жолмен шешуде маңызды қадам болады деп үміт білдіреді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңес елдегі азаматтық соғысты тоқтату үшін Сауд Арабиясының астанасында билікті бөлісу жөнінде келісім жасасты.

Дереккөз: Inform.kz

8 қараша 2019, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.