Атырау, 23 қаңтар 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

​Күйеуі өртеп жіберген әйел өздігінен демала бастады

2 722 рет қаралды


Үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген әйел өздігінен дем ала бастады, алайда жағдайы әлі ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"6 қазанда түскен науқастың жағдайы тұрақты ауыр, оның денесінің 75 пайызын кұйік шалған. Жақсарып келеді, бірақ баяу. Ол есін біледі, өздігінен дем алады. Бүйрек жеткіліксіздігі сақталады", - деді Травматология және ортопедия институтының ғылыми-зерттеу орталығы баспасөз қызметінің өкілдері.  Айта кетейік, 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген. Оқиға 6 қазанда шамамен 11:40-та болған. Полицияға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқанын хабарлаған. Әйел ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

7 қараша 2019, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.