Атырау, 24 желтоқсан 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бельгия соты велошабандоз Александр Винокуровқа тағылған айыпты алып тастады

2 958 рет қаралды


Бельгия соты қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровқа тағылған сыбайлас жемқорлық айыбын дәлелдердің болмауына байланысты алып тастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мен бұл мәселеге ақыры нүкте қойылғанына, соттың бірден-бір әділ шешім қабылдағанына өте қуаныштымын. Тек алға болашаққа қараймыз! Біз биыл өте сәтті маусымды өткіздік, дегенмен алда әлі талай жұмыс пен жоспарлар бар! Демалмаймыз!», - деп жазды Винокуров сейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында сот шешіміне берген түсінігінде.

Еске салсақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында Льеж қаласының айыптау палатасы  олимпиада чемпионы Винокуровқа 2010 жылы өткен «Льеж - Бастонь - Льеж» веложарысында шарттық сипатта айып таққан болатын. Ал велошабандоздың өзі барлық айыптауларды теріске шығарып, істің өзіне қатысты оң шешілетініне сенімді болған еді.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 қараша 2019, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.