Атырау, 22 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Қордай маңында 11 адам қаза тапқан жол апаты: Автобус жүргізушісіне қатысты үкім шықты

2 800 рет қаралды


Қордай аудандық соты жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соттағылардың мәліметінше, жүргізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тағылған. 

"Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Сот оның осыған дейін сотты болмағанын ескере отырып, оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, ол жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушыдан зардап шеккендерге өтемақы ретінде 15 АЕК өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, биыл 20 сәуірде таңғы сағат 5-терде Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы - Ташкент автожолының 181-шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соғып кетіп, салдарынан 11 адам қаза тапқан еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 қараша 2019, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.