Атырау, 24 желтоқсан 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Экс-президент Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Түркістанға барды

2 697 рет қаралды


Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында Қауіпсіздік кеңесі төрағасының Түркістан облысына екі күндік жұмыс сапарымен барғанын хабарлады. 

Н.Назарбаев облыс орталығындағы мәдени және білім беру нысандарының, әртүрлі саябақтар мен Арбаттың салыну жоспарымен, құрылыс барысымен танысты. 

Сонымен қатар, Н.Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін құру жобасы ұсынылды. Соңғы кездері Назарбаев қысқа мерзімді үзілістен кейін публика алдына қайта шығып, ақпарат айдынынан жиі көріне бастады. Былтыр 21 маусымда Түркістан қаласы Түркістан облысының (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) орталығы болып қайта құрылған болатын. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

5 қараша 2019, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.