
Қазақстан халқы 2019 жылдың желтоқсанында қосымша үш демалыс күнін қосқанда, барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy egov.kz сайтына сілтеме жасап.
Әдеттегідей, қазақстандықтар жылдың соңғы айында екі үлкен мейрамды - Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Бұл күн биыл жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 2 желтоқсанға ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар 1 және 2 желтоқсанда демалады.
Ал биылғы Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге сәйкес болғандықтан, мереке құрметіне екі демалыс күні: дүйсенбі және сейсенбі күндері беріледі.
Сондай-ақ, 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. Қазақстандықтар Жаңа жылды 1 және 2 қаңтарда (сәрсенбі және бейсенбі), яғни екі күн атап өтеді.
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz
В Атырау -6