Атырау, 11 мамыр 10:03
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Елімізде пойыздардағы өрт қауіпсіздігін тексеру күшейтілмек

2 325 просмотра


Қазақстанда жолаушы пойыздарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерулер күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп, республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды», - делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері аумақтық көлікті бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерген. Нәтижесінде 5 136 жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны анықталды, оның ішінде 38-і өрт қауіпсіздігі бойынша кемшілік.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ- 27; «Қала маңы тасымалы» АҚ- 4; «Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган» - 1; «Жеке тасымалдаушылар» - 6 (Марал Нур-3 ЖШС, Nomadas-3 ЖШС) кемшілік анықталған.

Еске салайық, 31 қазан күні Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойыз өртеніп, 73 адам қаза тапты.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

4 қараша 2019, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.