Атырау, 24 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды

2 840 рет қаралды


Шымкент қаласында бірқатар басшылар пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

"2018-2019 жылдары колледжде аудиторлық тексеріс жүргізілген. Қалалық әкімдіктің ішкі аудит қызметінің басшысы тексеріс барысында оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасына қарасты музыкалық колледж директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алған. Басшының бұл әрекеті әшкереленді", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікпен қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушының үстінен іс қозғалды.

"Ол орта мектептің оқу бөлімі меңгерушісін мектеп директоры лауазымына тест тапсыруына көмектескені үшін 400 мың теңге сомасында ақша алған", - делінген хабарламада.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

4 қараша 2019, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.