Атырау, 12 мамыр 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды

2 363 просмотра


АҚШ-та қайтыс болған 17 жастағы Дэвин Айсұлу Тэкабаридің асырап алған әкесі оның көз жұмуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Бір жасар Айсұлуды америкалық ерлі-зайыпты 2002 жылы Қостанай қаласында асырап алған. Балалық шағында қыз көйлек киіп, сурет салып, домбыра сабағына қатысқан.

Жасөспірім шағында Айсұлу өзінің трансгендер екенін мәлімдеп, Дэвин деген есімді иеленіп, ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) белсендісі болған.

"Ұл болатынын айтты. Бірақ физикалық тұрғыда ол трансгендер емес еді. Біз қатты қайран қалдық. Бірақ қолдау білдірдік", - дейді асырап алған әкесі Уэйн Тэкабари.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Дэвин Айсұлудың мінезі қиындап кеткен.

"Тіпті клиникада жатып, эмоцияны басқаруды үйренді. Сонымен қатар, Дэвин бір жігітке деген жауапсыз махаббаттан көп зардап шекті. Оның үстіне жаңа, жоғары мектепте үлкен қысымға тап болды. Салдарынан өзіне қол салды. Бұл суицид", - деп хабарлады ол.

Дэвин Айсұлу Тэкабари 1 қыркүйекте Массачусетс штатының Уэст-Тисбери қаласындағы үйінде көз жұмды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

4 қараша 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.