Атырау, 25 желтоқсан 03:14
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​ Алматыда мейрамхана өртенді

2 275 рет қаралды


Алматыда мейрамхана кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бостандық ауданы, Дулати көшесі, 171-үйде орналасқан «Ақсарай» мейрамхана кешенінің асханасында өрт болды. Ғимараттың астыңғы қабатындағы қоймада сексеуіл болған. От сол маңдағы ғимараттарды да шарпуы мүмкін еді», - деді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті. Өрт сөндірушілердің айтуынша, көшеде өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесі болмағандықтан, іс қиынға соққан. Электр желісі қызметі шұғыл түрде нысанды жарықтан үзген. «Ағаштан салынған екі қабатты жазғы алаңы мен үш қабатты мейрамханадағы өрт сөндірілді. 200 шаршы метрді жалын шарпыған. Өртті сөндіруге 27 адам және 6 техника жұмылдырылды», - дейді төтенше жағдай департаментінің өкілдері. Өрттен ешкім зардап шекпеген.


Дереккөз:inform.kz




3 қараша 2019, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.