Атырау, 25 желтоқсан 03:13
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Бекетаев Тоқаев пен Назарбаевтың өкілеттігі туралы өзінің комментарийі үшін ескерту алды – Карин

4 087 рет қаралды


Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктері туралы өзінің комментарийі үшін ескерту алды, деп мәлімдеді «Азаттық радиосына» берген сұхбатында мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин.

«Оның (Бекетаевтың – ҚазТАГ) кешірім сұрамағанына (қисынсыз түсініктемесі үшін – ҚазТАГ) қарамастан сол күні отырыс өтті, оған ескерту жасалды. Сол да жеткілікті», - деді Карин әділет министрінің қателескенін растап.
Сонымен қатар, саясаткер Тоқаев қауіпсіздік кеңесі туралы заңның бірінші бабына сәйкес қауіпсіздік кеңесін тарата ала ма деген сұраққа жауап берді.

«Әрине. Кім қалыптастырса, сол таратады», - деді Карин.

Еске салсақ, 21 қазанда белгілі болғандай, Тоқаев кадрлық тағайындаулар мәселесінде қауіпсіздік кеңесінің өкілеттігін кеңейтетін түзетулерге қол қойды. Әділет министрлігінің басшысы Бекетаев жарлыққа қатысты өз пікірін білдірді, оның ойынша кадрлық тағайындаулар барысында соңғы сөз қауіпсіздік кеңесінде қалады екен.

Кейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әділет министрлігі басшысының түсініктемесін қисынсыз деп атады.
«Әділет министрінің түсініктемесі қисынсыз деп санаймын. Мүмкін, журналистер лап қойғанда Бекетаев сасқалақтап, дұрыс түсіндірмеген болар, таң қалатын жағдай, себебі сондай деңгейдегі лауазымды тұлға үнемі өзінің қызметтік міндеттемелері аясында кез келген сұрақты дұрыс түсіндіре білуі керек», - деді Уәли.

Дереккөз: ҚазТАГ

1 қараша 2019, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.