Атырау, 11 мамыр 16:16
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Дәурен Абаев қазақстандықтарға телефон нөмірін тіркеуге кеңес берді

Бейнежазба
2 023 просмотра


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды телефон нөмірлерін тіркеуге шақырып, тіркелмеген жағдайда не болатынын түсіндірді. Бұл туралы министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында айтып берді.  

Министр телефон нөмірі ең алдымен тек бірнеше санның қосындысы емес, сондай-ақ жекеменшікті зат екенін атап өтті. Ол - мемлекеттік қызметтерге, кассалық операциялар мен төлемдерге қол жеткізу деген сөз.  Екіншіден, жеке қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Нөміріңіз басқа адамға тіркелгенін елестетіп көріңізші. Ол адам сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізу арқылы нөміріңізді өшіре алады, баланстан қаражатты алады және қоңырау мәліметтеріне қол жеткізе алады деген сөз екенін атап өтті министр.  

Шенеуніктің сөзінше, мемлекет ешқандай шара қолданбады деп айып тағудың орнына, уақытыңыздың 15 минутын телефон нөмірін тіркеуге арнаған жөн. 



Дереккөз: Tengrinews.kz

1 қараша 2019, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.