Атырау, 13 мамыр 14:12
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Ақтөбе облысында 19 ақбөкен өлтірілген

2 172 просмотра


Қазанның 5-31 аралығында Ақтөбе облысының аумағында браконьерлер 19 ақбөкенді атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Осы аралықта табиғатты күзету заңнамасын бұзу бойынша 206 дерек тіркелген. 192 дерек бойынша жалпы ұүны 1 070 600 теңге айыппұл салынды.  "Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу - 75 жағдай, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу - 85, өсімдіктер дүниесін пайдалану талаптарын бұзу - екі жағдай анықталды. Аңшылық қаруды тасымалдау ережелерін бұзу - 23, табиғат қорғау заңнамасын өзге де бұзушылықтар - 21 жағдай. Аталған кезеңде төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның екеуі - ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау"), екеуі - ҚР ҚК 337 - бабы "Заңсыз аң аулау", - деді полицейлер.    

 Сондай-ақ, 19 киіктің денесі, екі дана киік мүйізі, қоян денесі, екі резеңке қайық, төрт көлік құралы, 1191 келі заңсыз ауланған балық, 1100 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торы, 38 дана құқық бұзушылық жасау құралы, оның ішінде бес дана тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы және бес оқ табылды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


31 қазан 2019, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.