Атырау, 25 желтоқсан 03:14
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Бірнеше күн бойы мәйітпен бірге жатқан: Оралда болған оқиғаның мән-жайы

3 960 рет қаралды


Оралда зейнеткер өз пәтерінде үш күн бойы құрбысының мәйітімен бірге қамалып қалған. Үй иесі есікті аша алмағандықтан, көршілері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырды,  деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

78 жастағы зейнеткердің көршілерінің айтуынша, ол пәтерде жалғыз өзі тұрған.

"Ол біздің үйде біраз уақыт тұрады. Бес жыл бұрын жолдасынан айырылды. Қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған қарияға көршілер көмектесетін. Балконға шығып қараймын. Жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Соңғы аптада қарияның үйінде жарық болмады. Үйіне келген коммуналдық қызмет қағаздары да есікте қалып қойғанын көрдік", -дейді көршілерінің бірі.

Қарияға жиі келіп тұратын құрбысы да көптен бері көрінбей кеткен. Бұдан соң көршілері дабыл қаға бастапты. Полицияға барып, құтқарушыларды шақырған.

Есікті ашқан кезде пәтерде қарияның құрбысының мәйіті табылды. Ал әжей есікті аша алмаған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

31 қазан 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.