Атырау, 14 мамыр 00:15
 ашықВ Атырау +16
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

​Мәулен Әшімбаев жаңа институттың басшысы болды

2 124 просмотра


Президент кеңесшісі Мәулен Әшімбаев Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сыртқы істер министрлігінде "Сыртқы саяси зерттеулер институты" АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.  

Мәулен Әшімбаев биыл шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған. Оған дейін Парламент Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған.  2012-2016 жылдар аралығында ол V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі құрамында болған. 2016 жылдың наурызынан VI шақырылымның төменгі палатасының депутаты. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

31 қазан 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.