Атырау, 25 желтоқсан 03:13
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Президент Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кеудесіне «Алтын жұлдыз» белгісін тақты

3 345 рет қаралды


Президент Тоқаев қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады. 

Қазақстан президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі еңбегіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті. – Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, – деді Тоқаев. Ақорда таратқан хабарға қарағанда, Әбдіжәміл Нұрпейісов мемлекет басшысына ақ жол тілеп, ақ батасын берген. Ғасыр классигі Әбдіжәміл Нұрпейісов пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

30 қазан 2019, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.