Атырау, 13 мамыр 18:25
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Шымкенттегі атыс. Прокуратурадан ресми мәлімдеме алынды

3 278 просмотра


Оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қоршап алды.

Оқыс оқиға Ұ. Арғынбеков көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінде сағат 17:00-де болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, екі адам арасында атыс туындаған.

Артынша күдіктілер оқиға орнынан жасырып, дәмханадан 300 метр жерде қаруларын лақтырып кеткен. Тергеушілер дәмхана аумағын қоршауға алған. Сондай-ақ, дәмхана маңында екі көлік тұрған: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350.

Құқық қорғау органдарының өкілдері сол көліктің бірінен үлкен сомада ақша тапқан. Кейінірек атыстан бір адам қаза тауып, төрт адам Шымкент қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендер — 1989, 1987, 1996, 1984 жылғылар.

Кезекші прокурор А.Күдербековтің айтуынша, «алдын ала ақпарат бойынша, 29 қазанда шамамен сағат 17:35-те қашықтықтан басқару орталығына Ұ. Арғынбеков көшесінде орналасқан «Сүндет» дәмханасының жанында белгісіз адамдар арасында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам оқиға орнында қайтыс болған (1991 ж. К.Б.), тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Абай ауданының құқық қорғаушылары, аудан прокуроры, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары оқиға орнынан табылды.

Оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, бір травматикалық тапанша, аңшы мылтығы және «Сайга» мылтығы, 12 дана оқ алынды.

Тұрақ орнынан екі автокөлік — 70-ші үлгідегі «Тойота» және жол талғамайтын «Lexus RX 350» тұрған.

Дереккөз: Otyrar.kz

30 қазан 2019, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.