Атырау, 13 мамыр 12:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Мәнізоров жұмыстан шығарылмайды - әкімдік

1 966 просмотра


Алматы облысы әкімдігінің өкілдері Бағдат Мәнізоровтың жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство баспасөз хатшылығының мәліметінше, Мәнізоров әлі де ақысы төленбейтін еңбек демалысында.  

"Демалысы 1 қарашада аяқталады. Болған оқиғадан кейін жұмыстан шыға ма, жоқ па - өзі шешеді. Қандай жағдай болса да, ол штатта және облыс басшылығы оның қызметін жоғары бағалайды. Оны жұмыстан шығармайды", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болды. Шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол жазда осы қызметке тағайындалған еді. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

30 қазан 2019, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.