Атырау, 13 мамыр 22:40
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қайтыс болған қызылордалық инспектор «Айбын» орденімен марапатталды

2 660 просмотра


25 қазан күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьерлердің ізіне түскен инспектор жол апатына ұшырап, қаза тапты.

Қайтыс болған инспектордың аты-жөні – Әділ Кенжеғұлов. 1985 жылғы Қызылорда облысы тумасының артында әйелі, үш баласы қалды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің мәліметінше, инспектор «Охотзоопром» мекемесінің Қызылорда өңірлік филиалына осы жылдың маусым айында жұмысқа тұрған. Оған дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ә.Ш.Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», - делінген Президент жарлығында.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz


29 қазан 2019, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.