Атырау, 13 мамыр 21:19
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

"Көк-Жайлау" жобасымен айналысуға тыйым саламын - Тоқаев

2 114 просмотра


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да Көк-Жайлауда тау-шаңғылы шипажай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  

Алматыда жұмыс сапары барысында өтіп жатқан жиналыста Президент шипажайды салу жобасының құрылысы проблема екенін атап өтті. "Қайтадан осы мәселеге оралмас үшін, мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни Көк-Жаулауда тау-шаңғылы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес", - деді Қасым Жомарт Тоқаев. 

"Сондай-ақ, оған бүкіл кәсіби экологтар мен қоғам қарсы", - деді ол. Осыған дейін, Алматы әкімдігі Көк-Жайлауда құрылыс әзірге басталмайтынын айтқан еді.  "Өсек-аян болмасы үшін тіке айтайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шипажай құрылысын кейінге қалдыру туралы тапсырмасы бар. Әкімдік осы тапсырманы ұстанады. Басқа бірдеңе қарастырылмайды және талқыланбайды", - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.  

Сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" жобасын кейінге қалдыруды ұсынысын қолдады.  "Алматы қ. əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды", - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Дереккөз: Tengrinews.kz 

29 қазан 2019, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.