Атырау, 12 мамыр 18:13
 ашықВ Атырау +12
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Бағдат Мәнізоровқа тағылған айып алып тасталды

2 728 просмотра


Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізорвқа алаяқтық жасады деген айып алынып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі адвокаты Алмас Демесіновке сілтеме жасап.  

Желіде 28 қазанда Бас прокуратураның Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны туралы құжаттың скан-көшірмесі пайда болды.  "Істің тоқталғаны туралы арыз үкіметтің электронды кабинетіне бағытталған. Себебі қылмыстық заңбұзушылық жағдайлар мен құрамы анықталмаған. Ресми жауап келді. Негізінде бұл түпнұсқа құжат", - деді Алмас Демесінов.  Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы қыркүйектің соңында белгілі болды. Шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол жазда осы қызметке тағайындалған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


29 қазан 2019, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.