Атырау, 13 мамыр 18:15
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​"Охотзоопром" инспекторы браконьерлерді қуалау кезінде қаза тапты

2 190 просмотра


"Охотзоопром" иснпекторы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында браконьерлерді қуалау кезінде жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Жол апаты 25 қазанда болған. "Біздің инспекторлар жазықта автокөліктің прожектор қосып жүргенін көрген. Бұл түнгі уақыт еді. Артынан қуалаған, олар қаша жөнелген. Қуалау кезінде біздің көлік аударылған. Соның салдарынан біздің инспектор қаза тапты", - деді Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетінің облыстық басқарманың басшысы Айтуар Туғанбеков.   

Оның айтуынша, браконьерлер инспекторларға оқ атпаған, тек қуалаудан қашқан.  "Олар оқиға орнында ұсталды. Бізде екі экипаж болды. Ұсталғандар жергілікті тұрғындар. Олардың көлігінде мылтық пен заңсыз атылған жыртқыштар денесі болған", - деді ол.  Туғанбеков министрлік атынан қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты. Оның айтуынша, инспектордың отбасына 7,8 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген. Сондай-ақ, тергеу қорытындысы бойынша 4 миллион теңге сақтандыру өтемақыларын алады екен. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қазан 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.