Атырау, 14 қаңтар 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Алматы қонақ үйінде баланы өлтіру ісі. Ұлыбритания азаматы қамауға алынды

2 021 рет қаралды


Алматы соты қаладағы InterContinental қонақ үйінде бір жарым жасар сәбиді өлтірді деген күдікпен шетел азаматына бұлтартпау шарасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Күдікті Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды. Болжаммен, ол өз қызын өлімші етіп ұрып-соққан. Ол екі айға қамауға алынды.  "26 қазанда сот санкциясымен күдікті екі айға қамалды. Ұлыбритания азаматы ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Адам өлтіру, кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") бойынша күдікке ілінді", - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.  

Айта кетейік, 24 қазанда таңғы уақытта әкесі бір жарым жастағы қызын өлімші етіп ұрып-соққан. Басында ер адамның баланы қылғындырғаны айтылды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қазан 2019, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.