Атырау, 10 мамыр 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

2 323 просмотра


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көлікті мас күйінде айдағаны үшін жаза қалай қатаңдатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  Қожаев жазаны қатаңдату мәселесінде Қазақстан Ресей мен Беларусьтің тәжірибесіне арқа сүйейтінін атап өтті.

"Беларусь заңнамасында заң бұзушылық жасағанына қарамастан, көлік айдайтын жүргізушінің автокөлігін тәркілеу жазасы қарастырылған. Біз де осы жолмен жүреміз. Белгілі бір құқық құзушылықтар бойынша санкцияны күшейтеміз. Ең алдымен, бұл жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік тізгіндеген, соның ішінде мас күйінде жүргізген адамдарға қатысты", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қазақстандықтар арасында жүргізуші куәлігі болмаса да, көлік жүргізетіндер көп. Осыны ескеріп, министрлік жазаны қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қожаев жазалау шарасы жүргізуші жасаған заң бұзушылыққа сәйкес болатынын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Дереккөз: Sputniknews.kz

28 қазан 2019, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.