Атырау, 14 қаңтар 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша ресми мәлімдеме жасады

4 520 рет қаралды


Оның қарсыласы шешімді әділетсіз деген еді.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) сайтында қазақстандық Қанат Ислам мен намибиялық Уолтер Каутондоквамен өткен жекпе-жек бойынша есеп ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Каутондокваның күш-жігері мен төзімділігі төрешілердің оның пайдасына шешім шығаруға жетіңкіремеді. Ислам бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, рекордсы 27-0 (21 КО)көрсеткішіне жеткен қазақстандық боксшы WBO рейтингінде 8-орында келеді. Енді бұл тізімде одан да жоғары көтерілер. Бұл Қанат үшін ең сәтті жекпе-жек болмаса да, ол жеңіп, төрешілердің өз пайдасына шешім шығаруына барын салды", - деп жазады WBO.

Боксшылар арасындағы кездесу 26 қазанда Алматыда өткен болатын, судьялардың шешімі бойынша қазақстандық боксшы чемпиондық атағын қорғап қалған еді.

Кейінірек Қанат Исламның жекпе-жектің жартысынан бастап сынған қолмен жұдырықтасқаны жайлы айтылды. Боксшының командасының өкілдері жетінші раундтан бастап Қанат Ислам шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқан дейді. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған екен.

Дереккөз: Vesti.kz

28 қазан 2019, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.