Атырау, 14 қаңтар 01:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Біз Беларусь елімен келісімдерге отыруда биік белеске көтерілдік - Тоқаев

2 689 рет қаралды


Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Беларусь елі өте маңызды келісімдерге келді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылауға және қажет жағдайда қосымша серпін беретін жақсы мүмкіндік", - деді Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен болған кездесуінде.

Президент жабық есік жағдайында өткен кездесуде тараптар басты проблемалық мәселелерді талқылады, өйткені өте жақын қарым-қатынастағы мемлекеттердің арасында да өзара талқылауды, нақтылауды және ең маңызды шешімді қабыл етуді қажет ететін мәселелер болады.

- Мен басталып кеткен келіссөздердің нәтижесінде біз өте маңызды келісімдерге қол жеткіземіз әрі ол таяу болашақта қолға алынып, жүзеге асырыла бастайды деп санаймын, - деп атап өтті Қазақстан Президенті. Оның айтуынша, тараптар гуманитарлық саладағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық аренада белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделі.

- Сондықтан бүгін қол қойылған келісімдер мен бірігіп жасаған мәлімдемелер, менің ойымша, біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетудегі өте маңызды қадам, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: Zakon.kz

25 қазан 2019, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.